Астанада қызылшаға қарсы күрес күшейтілуде

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері "Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы" 2026 жылғы 27 қаңтардағы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта қаңтара айында 3 апта ішінде қызылшаның 403 расталған жағдайы тіркелгені, алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 2,8 есе өсуі байқалғаны атап өтілді.

Жас ерекшелік құрылымы бойынша науқастардың 96%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады, оның ішінде:

Ауру жұқтырғандар арасында 95% (385 жағдай) егілмеген балалар.

Қызылша ауруының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында келесі шаралар ұсынылды:

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына:

Астана қаласы Білім басқармасының басшысына, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының басшыларын тапсырылды:

ЖОО басшыларына:

Бұдан бөлек, сауда орталықтары, қоғамдық көлік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқа да қоғамдық орындарда қызылшаның алдын алу бойынша бейнематериалдар мен инфографиканы орналастыру мәселесін бақылауға алу тапсырылды.

Сондай-ақ, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу, ата-аналар жиналыстарына, халықпен кездесулерге қатысу және басқа да іс-шаралар өткізу қажеттілігі атап өтілді.

Қаулы 2026 жылғы 27 қаңтарда қолданысқа енгізілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Осы үш жұлдыз белгісінің өкілдерін қаржылық молшылық күтіп тұр

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

FlyArystan Сауда және интеграция министрлігімен соттасып, жеңіліп қалды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Ерұланұлы финалға шықты

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды