"Чехиядан жұмыс тауып беремін". Астанада кезекті алаяқ ұсталды

Сурет: pixabay
Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Чехия мемлекетінде жұмысқа тұрғызып беремін" деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды "шетелге шығарып, жұмысқа тұрғызып беремін" деп сендіріп, алты эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған.

"Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы шамамен 800 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция департаменті азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге, жұмысқа орналастыру қызметін ұсынатын компанияның лицензиясы мен заңды қызметін міндетті түрде тексеру қажет, сондай-ақ келісімшартпен мұқият танысып, оның талаптарын толық түсінбейінше ақша аудармаған жөн, күмән туындаған жағдайда бірден 102 хабарласуға шақырады.

Бұған дейін кассалық аппаратсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталғанын жазғанбыз.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін