Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау ережесіне өзгерістер енгізілді

Фото: freepik
Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет енді "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы арқылы да ұсынылады. Бұл – педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымның цифрлық платформасы.

Мемлекеттік қызмет төмендегі тәртіппен көрсетіледі:

"Ұстаз" платформасы арқылы – "педагог-модератор" және "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына;

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер", сондай-ақ үшінші, екінші және бірінші санаттағы басшы мен басшының орынбасары біліктілік санаттарына.

Аттестаттаудан өту үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

250–300 сөзден тұратын эссе.

Жеке басты куәландыратын құжат, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы автоматты түрде алынады.

Аттестаттаудан "педагог-модератор" және "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына өтетін педагогтердің құжаттары "Ұстаз" ұлттық платформасында қалыптастырылады.

Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету процесінің әр кезеңі туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ қағидаларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" операторына, мемлекеттік қызмет көрсетушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

Аттестаттаудан өткен педагогтердің ОЗП нәтижелері бойынша қалыптастырылған цифрлық деректер базасы бес жыл бойы сақталады.

Педагогтерді аттестаттау оқу жылында бір рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Педагог қызметінің нәтижелеріне кешенді аналитикалық қорытынды жасау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында жүргізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды