Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Фото: pexels
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға енгізілген өзгерістердің бірі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске қатысты.

Жаңа нормаға сәйкес, суррогат ана қызметіне тапсырыс беруші тек Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған жұптар ғана бола алады.

Сондай-ақ заңда суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылардың міндеттері нақтыланған. Олар:

Егер жүктілік немесе босану кезінде асқынулар туындаса, медициналық қызмет көрсету шығындары босанғаннан кейінгі 70 күнге дейінгі кезеңге өтеледі.

Сонымен қатар қабылданған заң аясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер деңгейіне жекелеген кіріс көздерін беру мәселесіне қатысты да өзгерістер енгізілді.

Заңға сәйкес, енді аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджетіне мынадай кіріс көздері беріледі:

Сонымен қатар заңда Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат төрағасы лауазымына қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайтыны белгіленді.

Сондай-ақ "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жаңа "Мәслихат аппараты басшысының құзыреті" атты баппен толықтырылды.

Заңға сәйкес, мәслихат аппаратының басшысы мынадай өкілеттіктерге ие болады:

Заң аясында бұдан өзге де бірқатар түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:

Заң 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді. Жекелеген нормалардың қолданысқа енгізілу мерзімі өзгеше болып белгіленген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы