Елімізде бірқатар кәсіпорын қайта ұйымдастырылып, кейбірі таратылады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мына ұйымдар қайта ұйымдастырылады:

  1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне қарасты "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" ЖШС 2028 жылғы 1 наурыздан бастап "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" АҚ болып қайта құрылады.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Камерата Қазақстан" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылады.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Бірегей ысқылы музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне қосылады.
  4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2027 жылғы 1 шілдеден бастап Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамына қосылады.
  5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына қосылады.
  6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылады.
  7. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
  8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
  10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" балалар клиникалық шипажайы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
  11. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" АҚ жоғарыда көрсетілген 1-тармақта көзделген іс-шара орындалғаннан кейін, 2028 жылғы 1 наурыздан бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-на қосылады.

Бұдан бөлек, мына кәсіпорындар таратылатын болады:

Қаулы жекелеген тармақтарды қоспағанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Балағат сөздер – ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек