Рудныйда қазақ әдебиеті сабағында дөрекілік танытқан оқушының анасына айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының Рудный қаласында сот сабақтағы тәртібіне байланысты әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген 14 жастағы оқушының анасына айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға 2026 жылғы 22 қыркүйекте № 2 гимназияда болған. Қазақ әдебиеті сабағы кезінде жасөспірім мұғалімнің тапсырмаларын орындаудан бас тартып, тәртіп бұзған. Сондай-ақ сот материалдарында оның әрекеті оқытушыға және жалпы қабылданған нормаларға құрметсіздік таныту ретінде бағаланған.
Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот оны кінәлі деп танып, 7 АЕК (30 275 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Бұған дейін Алматыда қоғамдық мүлікті бүлдіргендерге 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынатыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript