Қостанай облысында боқауыз әкімге айыппұл салынды
Сурет: pexels
Қостанай облысының әкімшілік соты ауылдық округ әкіміне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды. Ауыл басшысы түнде дүкенде дөрекілік танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қарашада Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қазанда кешқұрым Новоильиновка ауылдық округінің әкімі аудандағы дүкендердің бірінде болған. Ол өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, түнде алкоголь сатуды талап еткен.
"Мемлекеттік қызметкердің іс-әрекеті дүкеннің бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазба кейінірек әлеуметтік желіде тарады", деп түсіндіреді ПД баспасөз қызметі.
Қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін полиция әкімге қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады (ұсақ бұзақылық). 6 қарашада Бейімбет Майлин атындағы ауданның әкімшілік соты әкімді кінәлі деп тауып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript