Жаңалықтар тізбегі
0

Елжан Біртановтің ісі бойынша Денсаулық министрлігіне айыппұл салынды

baigenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 22:47 baigenews.kz
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Денсаулық сақтау министрлігіне 40 812 теңге айыппұл салды.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік соты экс-министр Елжан Біртановтың адвокаттары сұраған құжаттарды ұсынбағаны үшін Денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 8 маусымда, Нұр-Сұлтан қалалық соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақта болу мерзімін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр.

Отырыс барысында адвокат Серік Сағалиев Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың кінәсіздігі туралы дәлелдер жинау кезінде қорғауға кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі өзіне жолданған адвокаттардың сауалдарына жауап бермеді, ал кейіннен, тіпті Платформаның заттай дәлел ретінде танылғанын ілік етіп, жауап беруден мүлдем бас тартты .Ал қорғаушы тарап Платформаның өзін немесе ондағы деректерді сұраған жоқ, бірақ толыққанды қорғауды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың көшірмесін сұрады. Кейбір құжаттардың көшірмелері Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылған, соған қарамастан олар оны бермей отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, адвокаттар мұндай салғыртыққа шыдамай, адвокаттың қызметіне тосқауыл қою фактісі бойынша арызбен әділет департаменті көмегіне жүгінген. Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жіберілді.

2021 жылғы 7 маусымда істі қарау нәтижелері бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Денсаулық сақтау министрлігін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 40 812 теңге айыппұл салды. Осылайша, дәлелдемелер жинау кезінде қорғауға кедергі келтіру фактісі әкімшілік соттың шешімімен анықталды, - деді Сағалиев.

2020 жылдың 3 қарашасында Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы белгілі болды. Экс-министрге бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтіріліп отыр. 7 қарашада ол үй қамағына алынды.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол пневмониясының асқынуына және емделу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кетуге өз еркімен өтініш жазды.

Кейінірек Біртановқа тағылған айып "Ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу платформасының" Қазақстан аумағында жұмыс істемейтіндігіне негізделіп отырғаны белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: