Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі "Airservis" ЖШС-іне 12 млн теңге айыппұл салынды

reuters.com reuters.com
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жалпы соммасы 12 423 320 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Airservis" ЖШС-ны "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, "Airservis" ЖШС-ы уәкілетті органға оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінбеді, сондай-ақ осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынбаған.

Нәтижесінде, субъектіге Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жалпы соммасы 12 423 320 теңге көлемінде айыппұл салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз