Жаңалықтар тізбегі
0

"Богатырь Көмір" ЖШС-не 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 22:03 Павел Михеев / zakon.kz
4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау нәтижелері бойынша, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті субъектінің бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергенін анықтады.

Осылайша, Департамент 2021 жылғы 1 қазанда ""Богатырь Көмір" ЖШС-ның қозғалмалы құрамның өтіп кетуіне кірме жолдарды ұсыну қызметіне уақытша өтемдік тарифтер бекіту туралы" бұйрық шығарды, оған сәйкес тарифтер:

  • 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында тариф 10,62 теңге/вагоно-км-ден 10,55 теңге/вагоно-км-ге дейін немесе (0,7%);
  • 2022 жылғы 1 ақпан - 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагоно-км-ден 10,92 теңге/вагоно-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.

Жол берілген бұзушылық үшін, "Богатырь Көмір" ЖШС-ы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: