Қостанай облысында жүргізуші куәлігінсіз жүк көлігін басқарған ер адам ұсталды

Сурет: unsplash
Қостанай облысында әуеден жүргізілген бақылау барысында полицейлер қорғаныш жабынысыз жүк тасымалдап келе жатқан Shacman жүк көлігін байқайды. Бір кезде жүктің бір бөлігі жолға шашылып, жол жабынын ластаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көлік бірден тоқтатылып, тексерілді.

"Тексеру кезінде жүк көлігінің алдыңғы әйнегінің зақымданғаны анықталды. Мұндай техникалық ақауы бар көлік құралын пайдалануға заңмен тыйым салынған. Бұдан бөлек, мемлекеттік тіркеу нөмірі де талапқа сай орнатылмай, алдыңғы әйнектің астына қойылған. Алайда ең өрескел құқық бұзушылық тексеру барысында белгілі болды. Жүргізушінің ешқашан жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды. Соған қарамастан ол ауыр жүк көлігін басқарып, жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген. Аталған дерек бойынша полиция әкімшілік іс қозғады".

Полиция азаматтарға кез келген көлік құралын басқару үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы міндетті екенін еске салады.

Бұған дейін Шығыс айналма автомобиль жолында қымбат көліктерден тұратын кортеж ойына келгенін жасағаны хабарланған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды