Шығыс айналма автомобиль жолында қымбат көліктерден тұратын кортеж ойына келгенін жасаған - видео

Полиция, Алматы, Шығыс айналма автомобиль жолы, кортеж, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 17:52 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде кең тараған қымбат көліктерден тұратын кортеж видеосы полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында алматылық полиция қызметкерлері сән-салтанатымен көзге түскен автокортеж түсірілген бейнежазбаны анықтады.

"Тексеру нәтижесінде жүргізушілердің Шығыс айналма автомобиль жолымен (ВОАД) солтүстік бағытта қозғалу кезінде жол қозғалысы ережелерінің бірқатар талаптарын бұзғаны белгілі болды. Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері қысқа мерзім ішінде автокортежге қатысқан барлық жүргізушінің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты", деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 17 шілдеде.

Жүргізушілерге қатысты мына бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылды:

  • жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай туғызғаны,
  • жолда жасанды кептеліс ұйымдастырғаны,
  • заңсыз қараңғылатылған әйнегі бар көлікті басқарғаны
  • қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін.

Алматы полициясы ескертеді: көліктің құнына, жүргізушінің мәртебесіне немесе қоғамдағы танымалдығына қарамастан, жол қозғалысы ережелерінің талаптары баршаға бірдей және оларды бұлжытпай орындау міндетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: