Павлодарда жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды

Автобус, Павлодар, оқушы, мәжбүрлеп түсіру, жүргізуші, жаза , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 20:20 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Павлодарда жасөспірім қызды автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, полицияның назарына іліккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде маршруттық такси жүргізушісінің мектеп карточкасының болмауына байланысты жасөспірім қызды түсіріп кеткен видеосы полиция назарына ілікті. 

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Аталған көлік құралының жүргізушісі анықталды. Оған қатысты заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған қызды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік айыппұл салынды", – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Айта кетсек, 28 маусымда Алматы полициясы травматикалық қаруы бар мопед жүргізушісін ұстағанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: