Қазақстанда медицина мамандары өңірлердің сұранысына қарай даярланады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік дәрігерлерді даярлау тәсілін өзгертпек. Енді медицина мамандарының саны өңірлердің нақты қажеттілігіне қарай есептеледі.

Жаңа қағидалар денсаулық сақтау жүйесіне қанша дәрігер мен маман қажет екенін, қандай даярлық бағыттарына сұраныс жоғары екенін және қай өңірлерде кадр құрамын күшейту керектігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Құжаттың негізгі мақсаты – медициналық жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары түлектерінің саны денсаулық сақтау саласының нақты қажеттілігіне сай болуы үшін медицина мамандарын даярлауды жоспарлаудың бірыңғай жүйесін құру.

Ведомство медициналық көмектің сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі кадрмен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Жаңа қағидалар алдағы жылдары елге қанша дәрігер мен өзге де медицина қызметкері қажет болатынын нақтырақ болжауға, сондай-ақ әр өңірдің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Жаңа тәсіл аясында халық саны, аурулардың құрылымы, медицина кадрларымен қамтылу деңгейі, ауруханалар мен емханалар желісінің дамуы, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің даму болжамдары туралы деректер пайдаланылады.

Құжатта мынадай бағыттар көзделген:

Медициналық қызметкерлер жетіспейтін өңірлерге ерекше назар аударылады. Кадр даярлауды тиімді жоспарлау мамандарды ұтымды бөлуге және халықты қажетті көлемде дәрігерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министрлік жаңа қағидалар медицина мамандарын даярлау көлемін қысқартуды көздемейтінін түсіндірді. Керісінше, болашақ мамандарды олардың білімі мен кәсіби дағдылары ең көп қажет болатын бағыттар бойынша даярлауға басымдық беріледі.

Құжатты әзірлеушілер кадрлық жоспарлаудың бірыңғай тетігін енгізу денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқару сапасын арттырып, мамандар тапшылығын азайтуға және азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді деп күтеді.

Қағида жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды аккредиттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеп жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда скринингтің жаңа түрі енгізіледі: кімдер және қандай тексеруден өтеді

Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты