Мемлекеттік сот орындаушылары борышкерлерден өндірілген ақшаны өндіріп алушыларға қалай аударады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әділет министрлігінің 2026 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен борышкерден өндірілген және өндіріп алушыға берілуі тиіс ақшаны уақытша орналастыруға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотынан (ҚАБШ) аудару тәртібі мен мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеде бірқатар негізгі ұғымдар айқындалған:

Ақша қалай аударылады? Борышкерден өндіріліп, өндіріп алушыға берілуі тиіс ақшаны, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға арналған өзге де қаражатты уақытша сақтау үшін аумақтық әділет органы мемлекеттік қазынашылық органында ұлттық валютада ҚАБШ ашады.

ҚАБШ-ға ақша қолма-қол ақшасыз, яғни, банк арқылы түседі. Ақшаны осы шоттан аудару және қайтару да қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.

Борышкерден өндірілген және өндіріп алушыға берілуі тиіс ақша мемлекеттік сот орындаушысы тарапынан өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген қаражатты сақтауға арналған ҚАБШ-ға аударылады.

ҚАБШ-ға түскен ақша оның тиісті атқарушылық іс жүргізуге арналғандығы анықталып, өндіріп алушыға аударылуы тиіс сома белгіленгеннен кейін жіберіледі.

Ақша түскен күні аумақтық әділет органының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бұл ақпаратты Цифрлық жүйеде тіркеп, есепке алады.

Мемлекеттік сот орындаушысы Цифрлық жүйеде ақша түскені туралы мәліметтерді күн сайын тексереді.

Ақша түскеннен кейін мемлекеттік сот орындаушысы Цифрлық жүйеде оның қай атқарушылық іс жүргізу бойынша түскенін көрсетеді.

Ақшаны өндіріп алушыға аудару мерзімі Өндіріп алушыға ақша ҚАБШ-ға түскен күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылуы керек.

Ол үшін мемлекеттік сот орындаушысы ақша түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде өндірілген ақшаны бөлу туралы қаулыны Цифрлық жүйе арқылы дайындап, оны аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушыға және аумақтық әділет органы басшысының орынбасарына қол қоюға жібереді.

Аға сот орындаушы мен әділет органы басшысының орынбасары қаулыға 1 жұмыс күні ішінде Цифрлық жүйеде ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Қаулы келісілгеннен кейін төлем шоты Цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылып, аумақтық әділет органының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жауапты қызметкеріне келісуге жіберіледі.

Жауапты қызметкер төлем шотын 2 жұмыс күні ішінде қарайды.

Одан кейін аумақтық әділет органының басшысы төлем шотына 1 жұмыс күні ішінде Цифрлық жүйеде ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Басшы қол қойғаннан кейін төлем шоты Цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде "е-Минфин" жүйесіне әрі қарай орындау үшін жіберіледі.

Қате түскен және талап етілмеген ақша ҚАБШ-ға қателесіп түскен және атқарушылық құжатты орындауға қатысы жоқ ақша төлеушіге қайтарылады.

Ал ҚАБШ-да талап етілмей тұрған ақша оған түскен күннен бастап 5 жыл өткен соң бюджетке аударылады.

Жаңа қаулы 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады