Астанада пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Елордада "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция есірткі заттарын сақтады деген күдікке ілінген ер адам мен әйелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған заттар жеке пәтерді тексеру барысында полицейлер анықтады.

"Ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер пәтердің әр жерінен, атап айтқанда, асүйдегі табақтың үстінен, ваннаның астынан және басқа да орындардан табылған. Заттың бір бөлігі жеке түйіншектерге бөлініп салынған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – мефедрон. Анықталған заттардың барлығы тәркіленіп, аталған факті тіркелді. Сонымен қатар ер адам мен әйелдің есірткі заттарын қолданғаны анықталды. Осы факті бойынша екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды", делінген хабарламада.

Полиция есірткі заттарын сақтау мен өткізудің заңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді.

Бұған дейін Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленгені хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты