Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Сурет: unsplash
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында шамамен 1 жарым келі мефедрон және 500 грамм гашиш тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам есірткі заттарын жасырын орындарға жасыру арқылы таратумен айналысқан. Тыйым салынған заттарды жасырын орыннан алып, кейін оларды Алматы аумағында таратқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript