Ғылыми атақ беру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар – қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атақтарын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми дәрежелер беру қағидаларында диссертация тақырыбы бекітілген күні ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келуге тиіс екені нақтыланды.

Бұл талап Қазақстан азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану үшін ұсынылған диссертацияларға қолданылмайды.

Сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру қағидаларының екі тармағы жаңа редакцияда жазылды.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтары оларға қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор атағын беру және Қазақстан Республикасының тиісті аттестатын табыстау арқылы танылады.

Ал Қазақстан азаматтарының 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтарын тану аталған қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғылыми атағын тану үшін мына құжаттарды ұсынуға тиіс:

Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз