ШҚО-да қой ұрлағандар қылмыс үстінде қолға түсті

Сурет: pixabay
Ұлан ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер әртүрлі тұрғындарға тиесілі екі бас ұсақ мал ұрлығының бетін ашты. Келтірілген жалпы шығын көлемі 240 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер материалдық пайда табуды көздеп, ұрлық жасауға келіскен. Арнайы іс-шара барысында полицейлер Ұлан ауданы жағынан келе жатқан автокөлікті тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі процестік бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция мал ұрлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді. Мал иелеріне жануарлар мен оларды ұстау орындарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету қажет", делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін