Оралда салт атты полиция жасағы өз жұмысын бастады

Zakon.kz
Атты патруль 3 қылмыстың ізін суытпай ашқан.
Тәртіп сақшылары шаһардың автокөлік бара бермейтін шеткері аймақтары мен саяжайлар аумағын күзетуде, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Қаланың қасында 16 мыңдай саяжай болса, олардың басым бөлігі қыс мезгілінде қараусыз қалып жатады. Иесіз үйлердегі дүние-мүлік бұл кезде ұрылардың оңай олжасына айналады.

Алғашқы аптада-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қадағалаудың тың тәсілі тиімділігін танытты. Атты патруль 3 қылмыстың ізін суытпай ашқан. Кавалерия взводында 20 қызметкер болса, 25 мініс жылқысы сатып алынған және арнайы ат қора салынған.

- Әрбір полицейге өзінің жылқысы бекітілген. Автокөлік сияқты соның бәріне жауап береді. Денсаулығына, тазалығына да. Жылқыны кез келген адамға мініп жүру оңай емес. Оның қырын, сырын біліп, жануардың өзінің мінезін табу керек, - дейді Орал қалалық ІІБ Кавалерия взводының командирі Мұхит Әбілқайыров.


Фото: oraloniri.kz
Видео: khabar.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды