Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты

Zakon.kz
Әнді орындау барысында Қайраттың көңілі босап, көзіне жас үйірілді.
I am a Singer жобасының жетінші кезеңінде Қайрат Түнтеков Димаштың жұлдызын жаққан француздың Sos Dun Terrien әнін шырқады. Өмір мен өлім туралы сыр шертетін бұл туындыны Қайрат өмірден ерте озған қарындасына арнады. Көзіне жас алды, залдағы көрерменді жылатты, - деп хабарлайды Stan.kz.

“3-4 ай бұрын, ораза кезінде өмірден кеткен қарындасыма осы әнді арнағым келіп отыр. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, билейтін де. Алла Тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді бір орындасам, өзіме де бір жеңіл болып қалады деген ойдамын”, – деп түсіндірді Қайрат.

Әнді орындау барысында Қайраттың көңілі босап, көзіне жас үйірілді. Даусы дірілдеп, әнді әрең дегенде аяқтаған Қайрат бұл қылығы үшін елден кешірім сұрады.

“Жылап жібергеніме ренжімеңіздер, жақында ғана Сәбина есімді қарындасымнан айырылып қалған едім. Өз-өзімді ұстай алмай қалдым, ренжімеңіздер”, – деп түсіндірді Қайрат.

Соған қарамастан, жобаның бұл кезеңінде Қайрат ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді.


Фото/Видео stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды