Жұқпалы аурулардың белгілері қандай?

Zakon.kz
Алматы қаласында дамыту жаттығулары өткізілді.
Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, №5 қалалық емхананың балалар дәрігері Рузанова Ирина Ивановнаның қатысуымен Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жедел ішек инфекциясы мен гепатиттің алдын алу, кішкентай бүлдіршіндердің дене қозғалысының белсенділігін арттыру мақсатында Медеу ауданы №116 бөбекжай-балабақшасының 5-6 жас балалары арасында «Жұқпалы аурулардың белгілері қандай?» деген тақырыпта дамыту жаттығулары өткізілді.

Дамыту жаттығуы кезінде бөбекжай-балабақшаның медбикесі Абдил Айдана Нұрқанатқызы-балаларды тыныштандырып, егер кімде-кім ауызына ойыншықтарын, қолдарын, қаламдарын салатын болса, ішек және сары ауруларына ұшырып қалатындарын түсіндірді.

Тақырыпқа байланысты слайдтар арқылы жеміс-жидектерді жуып жеу, қолдарын сабынмен жуып жүрулері ескертілді. Қол жуу ережесінен бірнеше дамыту жаттығулары жасалды. Сұрақтарға жауаптар берілді. Барлығы 28 адам қамтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды