Көлік жүргізуді енді үйде отырып, интернет арқылы үйренуге болады

Zakon.kz
Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды.
27 қарашадан бастап автомектептерде интернет арқылы оқуға болады, - деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

«Мұндай мүмкіндікке A, B және A1, B1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келетін жүргізушілерге үміткерлер ие болады», – делінген ведомствоның Facebook-тегі хабарламасында.

Жүргізушілерді оқытуға арналған жаңа оқыту жүйесі енгізілді, онда қашықтан оқыту технологиясы қолданыла отырып, дәстүрлі түрде өткізіледі.

«Жүргізушілерді дайындаумен айналысатын ұйымдар өздерінің жеке білім беру сайттары арқылы сабақты видеосабақтар, скайп-сабақтар және басқа да интерактивті форманың көмегімен теорияны онлайн оқыта алады. Қашықтан оқытудың үлесі 80%-дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, көлік жүргізуден практикалық сабақтардан да өтуі қажет», – делінген хабарламада.

Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды. Теориялық және практикалық емтхандарды сәтті тапсырған білім алушылар автомектепті бітіргенін растайтын құжаттар ала алады.

Фото: i.onthe.io

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды