Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды
Сурет: pexels
Ақтауда жекеменшік лицейлердің бірінде болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Видеодан әйел адамның еден жуушының жанында тұрғанын, одан кейін оның шелегін тепкенін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жағдайдан кейін қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мән-жайды тексерген. Еден жуушы бұған дейін мектеп директорының үйінде жұмыс істепті. Кейін оны лицейге жұмысқа алып, жалақысын қолма-қол беріп отырған. Жанжалға директордың әйелінің сыртынан қызметкердің айтқан ғайбат сөздері себеп болыпты. Яғни, дөрекілік танытқан ұстаз мектеп директорының әйелі болып табылады, деп хабарлайды КТК.
"Ақтау қаласының білім бөлімі тарапынан комиссия құрылып, оған полиция басқармасын да қосқан болатынбыз. Зерделеу комиссиясының шешімімен, мұғалімге сөгіс беріліп, жұмыстан шығарылды. Полиция басқармасы да жұмысын істеп жатыр, оның да шешімі қосымша жарияланады". Айбаршын Қуанышқалиқызы, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы
Бұған дейін Астанада TikTok-тағы тікелей эфирде ашуға бой алдырған әйел соттан бір-ақ шыққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript