Қостанайда сотталғандар жақындарымен бейнебайланысқа шықты

Zakon.kz
Егер осы шаралар жүзеге асып, оң нәтиже беріп жатса, жалғасын табады.
Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығында онлайн режимдегі ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Хабар 24.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған шарада Құсмұрын түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бостандықтағы туған-туыстарымен бейнебайланысқа шықты. Бүгінгі ашық есік күнінде бес азамат темір тордың ар жағындағы жақындарымен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Олардың әрқайсысына 15 минуттан уақыт берілген.

«Жаңашыл қадам жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқығы бұзылмауын қадалағайды. Әрі сотталғандардың тәртібінің түзелуіне де оң ықпал етеді. Сонымен қатар олардың туған-туыстары үшін де тиімді. «Өйткені облыстағы түзеу мекемелері өңірдің көптеген тұрғындары үшін тым шалғай орналасқан», – дейді игі шараны ұйымдастырған облыстық прокуратура қызметкерлері.

Марат Сматов, облыс прокурорының орынбасары:

- Арқалықты білесіздер, алты жүз шақырым. Мына жағында Жетіқара, оны әрбір азаматтың қалтасы көтермейді. Материалдық қиындықтар туындайды. Және олардың шағымдануына тыйым салуы да мүмкін. Азаматтар бір-бірімен тең құқылы, осы мақсатта бүгінгі бейнебайланысты қабылдау өткізіп жатырмыз. Егер осы шаралар жүзеге асып, оң нәтиже беріп жатса, жалғасын табады.

Фото: Хабар 24

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде