«Ақтөбе» командасының экс-футболшысы еңбекақысын сот арқылы өндіріп алды

Zakon.kz
Футболшы төленбеген еңбекақының өсімпұлын да талап еткен.
«Ақтөбе» командасының футболшысы еңбекақысын өндіру үшін сотқа жүгінген, - деп жазады Аktobenews.kz

Жауапкер соттан «Ақтөбе» футбол клубынан 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақысын, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы өндіріп беруді талап еткен.

Футболшы төленбеген еңбекақының өсімпұлын да талап еткен. Сот талқылауы кезінде жауапкердің 2014 жылы 3 қаңтарда «Кәсіби футболшы» лауазымында қызмет атқарғаны анықталған.

ҚР АПК-нің 223, 226, 281-баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкер Т.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырды.

«Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақы сомасын, еңбекақы төлемін кідіртуінен 305 415 теңге көлемінде өсімпұл, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақыны өндірді», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Фото: aktobenews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады