Мейірім Нұрсұлтанов беделді BoxRec рейтингінің үздік жүздігіне енді

Zakon.kz
Қазақстандық боксшы 120-позициядан 92-орынға ауысты.
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО) америкалық Эрика Мунді (7-1, 6 КО) Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында күні кеше өткен жекпе-жекте жеңді, - деп хабарлайды Sports.kz.

Ол қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл жеңіс Нұрсұлтанға беделді сайттардың бірі BoxRec.com рейтингінде көтерілуге мүмкіндік берді. Қазақстандық боксшы 120-позициядан 92-орынға ауысты.

Тағы бір ескере кететін жайт, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) BoxRec рейтингінде орта салмақтағы көрсеткіш бойынша көш бастамайды. Тіпті, Геннадийдің WBA (Super), WBC, IBF және IBO дәрежесіндегі төрт белбеуінің бар екендігі де бұл көрсеткішке ықпалын тигізе алмаған. Сайттың бірінші позициясында Головкиннің қарсыласы мексикандық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) тұр, алайда бұл дивизионда оның ешбір титулы жоқ.

Фото: today.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды