Көлік жасаймыз деп өзімізді алдамай-ақ қояйықшы - Құлыбаев

reactor.inform.kz
Бізде локализация емес, көлік құрастыру ғана - Құлыбаев.
«Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев «көлік құрастыруға» малдабай, нағыз «көлік жасауға» үндеп отыр. Оның айтуынша, өзімізде көлік бөлшектерін шығаратын өндірістер бар. Солардың жұмысын жандандыру қажет, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шыны керек, қазір елімізге көлік бөлшектері жеткізілгеннен кейін біз өзімізді алдай бастаймыз. Электрэнергияны, теміржол шығындарын, коммуналдық төлемдер мен жұмысшылардың жалақысын санаймыз да, міне, мынау біздің локализациямыз (қазақстандық қамту - авт.) дейміз. Пайыздық көрсеткішін де көрсетіп қоямыз. Жоқ, бұл локализация емес. Ол үшін көлік бөлшектерін өзіміз шығаруымыз қажет», - деді Құлыбаев бүгін президиумның кеңейтілген отырысында. Осы орайда ұйым жетекшісі Өзбекстанның көлік өндірісін мысалға келтірді. Бүгінде ол жақта шыны да, пластмасс та, қажетті бөлшектер де жасалады. Нағыз локализация осы.

«Бізде локализация емес, көлік құрастыру ғана. Соған қарамай, машина жасау саламыз өсіп жатыр деп, деп өзімізді жұбатып отырамыз», - деп атап көрсетті президиум басшысы.

Бұдан бөлек, Палата басшысы ауыл шаруашылығы теxникасының локализациясын арттыру қажет деп санайды.

«Қазір аймақтарды аралағанда әрбір әкім комбайн шығарамын деп мақтанады. Бір жерге барсаң, бір модельді көрсетеді, екінші жерде тағы бір модель, үшіншісі де өз моделін шығарады. Базалық бір модельді шығарсақ та, жетпей ме? Біреуін таңдайық. Сосын оның қосымша бөлшектерін шығарайық. Қызмет көрсету орталықтарын ашайық», - деді Тимур Асқарұлы.

Фото: reactor.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады