Өзбекстан халқының саны 32 миллионнан асты

Sputniknews.kz
Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстан халқының саны 32,5 миллион адамды құрады.
Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстан халқының саны 32,5 миллион адамды құрады. Бұл туралы Ташкентте өткен халықаралық баспасөз клубының отырысында Мемлекеттік статистика комитеті төрағасының әлеуметтік статистика жөніндегі орынбасары Махмуджон Зиядуллаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Trend-ке сілтеме жасап.

Ел халқының санына қатысты деректерге тоқталған ол соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстан халқының саны 32,5 миллион адамды құрағанын атап өтті.

Есептік кезең ішінде 523 мыңнан аса сәби дүниеге келсе, 116 мыңнан астамы көз жұмған.

Неке саны 192 мыңнан асты, ажырасқандар – 23 мыңнан астам.

Қазіргі таңда Өзбекстанға тұрақты тұруға келгендер саны 120 мыңды құрап отыр. Ал елдің 136 мың азаматы елдің бір облыснан басқа облысқа немесе алыс елдерге қоныс аударған.

Айта кетейік, ел президенті 2017 жылғы 31 шілдеде "Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитетінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын қабылдаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді