Ақтөбеде жат ағым жетегінде кеткен жігіт туралы көркем фильм тегін көрсетіледі

Аktobenews.kz
Аталған фильм шын оқиға негізінде түсірілмеген.

Ертең, 22 желтоқсан күні сағат 10:00-де «Локомотив» кинотеатрында «Қара жол» фильмінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Фильм экстремизмнің алдын алу мақсатында түсірілді. Сюжет бойынша жас жігіт діни ортаға келіп, жат ағымның торына түседі. Ол ата-анасына қарсы шығып, әйелін де теріс ағымға кіруге мәжбүрледі. Кейін өзге адамдардың ықпалымен теракт жасауға оқталады», — деді «Аңсар» ақпараттық-сараптамалық орталығының жетекшісі Жандәулет Сүлейменов.

Орталық жетекшісінің сөзінше, аталған фильм шын оқиға негізінде түсірілмеген. Алайда, фильмде жат ағымның жетегіне еріп кетудің жалпылама сценариі көрсетілген.

«Көбіне радикалдық торға осылай түседі», — деді Жандәлет Сүлейменов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады