ОҚО-да халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті

БҰҰ Конвенциясына сәйкес, 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні деп жарияланды.

БҰҰ мүше-мемлекеттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және оны болдырмау, сондай-ақ қолданыстағы институттардың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды мықтап қолға алуға үгіттейді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Ш. Қалдаяқов атындағы филармониялық оркестрімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын музыкамен, яғни танымал музыка арқылы дамытуға бағытталған салтанатты шара ұйымдастырды.

Басқарма бастығының орынбасары, этика жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірге түрлі этникалық топтардың өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік елмен – жарқын болашаққа» атты театрландырылған қойылымға тәнті болып, политехникалық колледж студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел және флеш-моб ұсынылды.

Жалпы, жыл басынан бері облыста жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша 500-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 60 мыңнан астам адам тартылды.

Аймақта memkyzmet.kz сайты және азаматтарға арналған 8 (7252) 51-51-51 сенім телефоны бар екенін атап өткен жөн.

Пилоттық жоба жүзеге асырылуда, бұл азаматтардың этика жөніндегі кеңес мүшелерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Аталмыш шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және аймақтағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға ықпал етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: