ОҚО-да ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

2017 ж. 10 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 471,5 млрд тг. құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 88 млрд.тг. артты. Нақты көлем индексі 102,4 %. Оның ішінде: Өсімдік шаруашылығы – 101,7 %; Мал шаруашылығы – 103,4 %.

Республика бойынша ауыл шаруашылығында ОҚО үлесі 15,9% құрайды. Негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд тг құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты, деп хабарлайды zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 %-ға артты, импорт көлемі 320 млн АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 4 % кеміген.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі 818,1 мың га. құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға артты(2016 ж 788,8 мың га).

Дәнді дақылдардың егістік көлемі 258,7 мың га (о.і: бидай - 187,5 мың га, арпа - 29 мың га, дәндік жүгері - 37,5 мың га, күріш - 2,2 мың га) құрады.

Бидай мен арпа толық орылып, әр гектардан 18,4 центнерден (2016 жылы – 20,1 ц/га) 397 мың тонна (2016 ж – 434,0 мың тн) өнім жиналды.

Дәндік жүгерінің егіс көлемі 37,5 мың га (2016 ж – 40,9 мың га) егіліп, гектарынан 47,5 цн/га (2016 ж – 42,5 ц/га), барлығы 178 мың тонна өнім жиналды. Майлы дақылдар 117,3 мың га (2016 ж- 74, мың га) толық орылып, гектарынан 8,6 ц/га ( 2016 ж – 8,2 ц/га), барлығы 104 мың тоннна (2016 ж – 60,7 мың тн) өнім жиналды.

Мақта дақылының егіс көлемі 134,6 мың га (2016 ж 109,6 мың га) құрап, 24,4 ц/га 327,8 мың тонна шитті мақта (2016 ж - 286 мың тн) жиналды.

Жыл басынан 1,3 млн. тн. бақша (2016 ж – 1,2 млн тн), 963 мың тн. көкөніс (2016 ж – 828,2 мың тн), сонымен қатар 292,2 мың тн (2016 ж - 267,6 мың тн) картоп жиналды.

2017 жылы 0,8 мың га қарқынды баулар отырғызылып, жалпы көлемі 2,8 мың га жетті. Бүгінгі күнде жалпы жеміс-жидек және жүзім дақылдарының алаңы 29 мың га құрайды. Ағымдағы жылы 193 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Оның ішінде 116 мың тн жеміс (2016 ж - 91.3 мың тн), 77 мың тн жүзім (2016 ж - 51 мың тн) .

Одан бөлек, биыл 59 га жаңғақ, 7 га бадам отырғызылды. 2018 ж. 400 га жаңғақ, бадам және 800 га қарқынды бау отырғызу межеленіп отыр.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 7500 га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың га. жетті (Республикалық үлестің 72 %).

Жылыжайлар қосымша 176,6 га салынып, жалпы 1299 га жетті (Республикалық үлестің 80 %).

Мал шаруашылығында тұрақты өсім байқалуда. Ағымдағы жылдың 10 айында:

- ірі қара малдың саны 6%-ға (925,6 мың);
- қой мен ешкі 1,2%-ға (4092,5 мың);
- жылқы 19,7%-ға (285,0 мың);
- түйе 6,8 %-ға (25,4 мың)
- құс 2,3 %-ға (2537,2 мың) артты.

Нәтижесінде:

- ет (тірідей салмақта) 4,7 %-ға, 173,1 мың тн;
- сүт 1,7 %- ға, 626,1 мың тн;
- жұмыртқа 10,7 %-ға артып, 283,5 млн. дана өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасымен 14516 бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 76,2 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 20,1 % жетті. (республика бойынша 24,4 %).

«Алтын асық» бағдарламасымен 26230 бас қой сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 129,7 мың бас аналық қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 7,5 % жетті (республика бойынша – 6,7%).

«Құлан» бағдарламасы аясында 2557 бас жылқы алынды.

Облыста мал шаруашылығы өнімін өндірушілердің басым бағыты жұртшылық шаруашылықтардың еншісінде (жалпы өндірілген өнімінің 95,5%) болуына байланысты, өнімділігін жоғарылату мақсатында осы шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперацияларға біріктіру жоспарланып отыр.

Кооперацияға бірігудің артықшылықтары:

Малдарды үйлестірілген азықпен қамтамасыз ету және өнімділігіне қарай топтастыру;
Асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
Жұртшылық шаруашылықтарда өндірілген өнімді қабылдау және өткізу, өндірілген өнімге субсидиялауға қажетті құжаттарды дайындау;
Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру;
Аудан, қалалардың табиғи-климаттық жағдайына қарай мал түрі мен өнімділігі бағыттарын топтастыру.

Облыста кооперациялауды кең ауқымда насихаттау нәтижесінде 640 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде. Бағдарлама аясында 8 млрд тг. қаржы қаралып (оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы үшін 3,2 млрд тг. Қаржы толығымен игерілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының жарғылық капиталы арқылы 4,8 млрд-тан 3,5 млрд қаржысы игерілді. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.) 75 кооператив құру индикативтік көрсеткіштер жоспарланса нақты 158 бірлікке немесе жоспар 2,1 есе орындалды. (РК 745, 1 орын).

Нәтижесінде: ірі қара 6% артып 950 мың басқа, ет 5,1 % артып, 135,3 мың тн, сүт 2% немесе 518,4 мың тн жетіп, 850 шаруа нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен қаржыландырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: