Павлодар облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

Рavlodarnews.kz
Автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді.

Ауа райының күрт құбылуына (көктайғақ) байланысты үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Қарағанды облысында 24 желтоқсанда сағат 21.30 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында 24 желтоқсанда сағат 23.55 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, Ақмола облысында да 24 желтоқсанда сағат 23.00 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды