Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті

Аktobenews.kz
Жақын туысы қамауға алынды деген желеумен ақша аударып жіберулерін талап еткен.

Өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырған бейтаныс адамдар бірнеше ақтөбелікті алдап соққан. Жақын туысы қамауға алынды деген желеумен киви-әмиян арқылы ақша аударып жіберулерін талап еткен, - деп жазады Аktobenews.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, ғаламтор беттерінде пәтер, көлік сатамыз деп алдын ала ақша сұрайтын алаяқтар да көбейген. Аванс соманы қолға түсірген олар жарнама сайттарындағы аккаунттарын өшіріп, аңғал клиентті тақырға отырғызып кетеді.

Тәртіп сақшылары Ақтөбе тұрғындарына танымайтын адамдардың ұсыныстарына алданып қалмау керектігін ескертеді. Сонымен бірге, банктік карта шоттарын да оңды-солды таратуға болмайтынын айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған