Ақтөбелік салафит өгей ұлын зорлап келген

Sn.kz
Зәбір көрген бала болса қорыққанынан бұл туралы ешкімге айтпай келген.

Ақтөбе облысында салафизм ағымының ұстанушысы өзінің өгей ұлын зорлап келген. Бұл туралы Ratel.kz порталына сілтеме жасап Sn.kz жазды.

Мұғалжар аудандық ішкі істер бөліміне Қандыағаш қаласының тұрғыны арызданған. Әйел адам 29 желтоқсан күні күйеуінің ұлын зорлап жатқан сәтінде үстінен түскенін айтып отыр.

Тергеу барысында анықталғаны, 31 жастағы ер азамат 2017 жылдың ортасынан бастап өгей ұлын тұрақты түрде зорлап келген екен.

Сондай-ақ, күдіктінің салафизм ағымын ұстанушы екені де белгілі болыпты. Ол салафиттік "ұстаз" Ділмұрат Махаматовтың шәкірті көрінеді.

Зәбір көрген бала болса қорыққанынан бұл туралы ешкімге айтпай келгенін мәлімдеп отыр. Тек өгей әкесі ұсталғаннан кейін ғана бар шындықты жайып салған.

Қазіргі таңда күдікті "діндар" қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы (жасөспірімдерді азғындау) бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай