БАӘ-нен 30 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Астана қаласының ІІД
Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Р. Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының көмегімен елге жеткізілді.

"Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн теңге. Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Р. Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды