Сайт иелерін бір жарым айдан кейін анонимді пікір үшін жазалайды

Қаншалықты ірі бизнес болса, жаза да сонша болады.

Сайт иелерін қолданушылардың аноноимді пікірі үшін бір жарым айдан кейін жазалай бастайды. Бұл туралы ақпарат министрлігі айтты, деп хабарлады 31 арна.

Айыппұл басылымның көлеміне байланысты белгіленеді. Қаншалықты ірі бизнес болса, жаза да сонша болады.

Анонимді пікірге тыйым салатын заңның шықанына екі тәулік өтті. Бірақ, көптеген сайттар белгісіз қолданушылардың пікірін қабылдауын жалғастыруда. Сондықтан, министрлік интернет-ресурт иелеріне қолданушыларын реттеуге бір жарым ай уақыт берді.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте тікелей санкция қарастырылмаған. Бірақ, уәкілетті органның бұйрығын орындамағандарға арналған осы Кодекстің 462 бабы бар. Министрлік бұйрықты орындағанын немесе орындамағанын бақылайтын болады”, - дейді ҚР АжКМ телекоммуникация комитеті басшысының орынбасары Михаил Комиссаров.

Сайтқа тіркелу бір жолғы sms-пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Sms-пароль үшін сайт иелері байланыс операторларымен келісім жасауы керек. Екіншісін қолдау үшін, ұлттық сертификаттау орталығының сайтына өту жеткілікті. Сайт пайдаланушылары ЭЦҚ арқылы тіркеледі.

Енді пікір жазушылардың ЖСН және телефон нөмірі белгілі болады.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл заң Казнетті тәртіпке келтіруге көмектеседі. Бірақ, тәуелсіз саарапшылардың ойынша, бұл да әдеттегі саяси ойынның бір түрі.

“Наразылық акциялары әлеуметтік желілерде онлайн режимінде өтті. Онда «диванная оппозиция» көбейіп кетті. Үкімет те соған алаңдай бастады”, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Әзірше, kz доменді сайттарда аноноимді пікірлер жазылып жатыр. Алайда, Қазақстандық сайттарға заңға бағынуға тура келеді. Пайдаланушыларды ресми тіркеуге алып, реттеу үшін оларға бір жарым ай уақыт берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: