Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королімен телефон арқылы сөйлесті

365info.kz
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сауд Арабиясының Королі екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, саудиялық компанияларға Қазақстандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін