Ж.Асанов: Сот актілері адамға түсінікті болуы керек

azh.kz
Егер біздің өзіміз осылай қиналсақ, онда, оқып, ештеңе түсінбейтін қарапайым адам жайлы не айтуға болады - Асанов.

Қазақстандық судьялардың құзыреттілігін олардың өнімдері, яғни сот актілері жақсы көрсетеді. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов ҚР Жоғарғы Сотының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Міне, Жоғарғы Соттың судьясы маған былай деп жазды: көптеген актілер көлемді, күрделі сөйлемдермен жазылған, ал құрғақ статистика адамның сотта не үшін жеңіліп қалғанын түсінуге жол бермейді. Тіпті Жоғарғы сотта, біз де, Жоғарғы соттың судьялары, бірінші рет естігенде судьяның не айтпақ болғанын, неге мұндай шешімге келгенін түсінбейміз. Егер біздің өзіміз осылай қиналсақ, онда, оқып, ештеңе түсінбейтін қарапайым адам жайлы не айтуға болады", - деді Ж. Асанов.

Оның айтуынша, сот актілерінде іс жүргізу тілі қолданылады, оны аудару керек.

"Сот актісі - сот төрелігі, зор күш-жігердің, эмоцияның және қаржының нәтижесі. Сот актісі адамға түсінікті болуы керек. Өйткені біз оны адамдар үшін істейміз, адамдар үшін шығарамыз. Сот актісі - судьяның құзыретінің көрсеткіші болып табылады, сондай-ақ сот билігінің имиджі», - деп қорытындылады ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі