Енесін өртеп жіберген Ақмола тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды

Sputniknews.kz
Щучинскіде ерлі-зайыптылардың кикілжіңі салдарынан енесі ажал құшты.

Ақмола облысында әйелінің анасын өртеп жіберген ер адам ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Щучинскіде 12 қыркүйек күні болған еді. 57 жастағы кәсіпкер ренжісіп анасының үйіне кетіп қалған әйеліне барады. Енесі есікті ашпай қояды. Сол кезде ер адам есіктің табалдырығына бензин құйып, өрт қояды. Түтін иісін сезген енесі далаға атып шығып, қолына түскен көсеумен күйеу баласының басынан ұрған.

Ашуға булыққан ер адам әйелді өлтіруге бел байлайды.

Жарының көз алдында енесінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Әйел адам 23 қыркүйекте күйік алу салдарынан көз жұмады.

Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 57 жастағы ер адам кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды