Өскемендіктердің шашынан улы заттар табылды

www.inform.kz
Талдау нәтижесі қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті.

Ғалымдар Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына баға беру үшін қала тұрғындарының шашын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің сайтына сілтеме жасап.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, өскемендіктердің шашында жоғары мөлшерде титан концентраты, қорғасын және бірнеше ауыр металдардың түрлері анықталған.

Университетте жасалған зерттеуге химия факультеті қызметкерлерінің авторлық әдістемелері қолданылған.

«Біздің зерттеу 18-70 жас аралығындағы әйел және ер азаматтардың шаштарына жасалды. Шаштың құрамы адамға әсер ететін жоғары мөлшердегі химиялық элементтердің қоспаларын жақсы көрсетеді. Талдау нәтижелері қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті - дейді ғалым Владимир Отмахов.

Айта кетсек, Өскемендегі ең үлкен токсинді тұман 1990 жылы қаладағы бериллий өндірісіндегі өртке байланысты шығарылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды