Олимпиада 2018: Жапониялық спортшы допингпен ұсталды

Хабар 24
Сайто Жапонияның 5000 метрге эстафеталық құраманың қосалқы спортшысы болған.

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында жапониялық шорт-трекші Кэй Сайтоның рұқсат етілмеген дәруменді қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жапония Ұлттық Олимпиада комитеті 13 ақпан күні баспасөз жиынын өктізіп, бұл туралы ресми жарияламақшы.

Сайто уақытша жарыстардан шеттетілген. Спорттағы арбитраждық соттың (CAS) таратқан ақпаратына сүйенсек, онын сынамасынан диуретик табылған. Спортшы өз еркімен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартып, Олимпиада қалашығынан кетіп қалған. Спортшыға уақытша жаза тағылған. Яғни ISU аясында өтетін жарыстарға ол қатыспайды.

Сайто Жапонияның 5000 метрге эстафеталық құраманың қосалқы спортшысы болған. Бұл жарыстың финалдық бәсекесі 22-ақпан күні өтеді. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында допингпен ұсталған бірінші жапониялық спортшы екен.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады