Ақтөбелік тұрғын мәдениет үйінде өзін балағаттаған адамды сотқа берді

Аktobenews.kz
Ауыл тұрғыны әдепсіздігі үшін 22 690 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Ұсақ бұзақылық бойынша тергелген әкімшілік іс Байғанин аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

«А. есімді азамат аудандық мәдениет үйінің ішінде Б. есімді тұрғынға қорлап тиісіп, балағат сөздер айтқан. Төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытқан азамат әкімшілк жауапқа тартылып, кінәлі деп танылды», — деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Байғанин аудандық мәдениет үйінде танысын балағаттап жіберген тұрғынға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Ауыл тұрғыны әдепсіздігі үшін 22 690 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Қаулы заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды