Хакерлер компьютерлерге Word файлдары арқылы вирус жұқтыруда

Baq.kz
Олар алаяқтардың мұндай әдісті парольді ұрлау үшін қолданатынын ескертеді.

Хакерлер компьютерлерді Word файлдары арқылы бұзуды үйренді, деп хабарлайды Baq.kz Trustwave Spiderlabs сайтына сілтеме жасап. Олар алаяқтардың мұндай әдісті парольді ұрлау үшін қолданатынын ескертеді.

Вирус жұқтыру тізбегі DOCX, RTF, HTA, VBScript және PowerShell форматтары арқылы жүзеге асады. Егер интернет қолданушы спам-хат алып, оны жүктеп алатын болса, зиянды бағдарламалық жасақтаманы орнататын бірқатар әрекет орын алады. Сол арқылы пароль хакерлердің серверіне жіберіледі.

Осындай жағымсыз нәрсенің алдын алу үшін сарапшылар Windows пен Office-ті жаңартуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді