Қазақстан билігі жүздеген отбасыға алкоголь қолдануға тыйым салды

abai.kz
Тыйымды бұзған адам 15 тәулікке қамалуы да мүмкін.

Қазақстан ІІМ өкілі Алексей Милюктің хабарлауынша, билік сот арқылы бірнеше жүз қолайсыз отбасыға алкогольдік ішімдіктер пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Аbai.kz,

Тыйымды бұзған адам 15 тәулікке қамалуы да мүмкін.

Қазақстанда адамдарға мұндай шектеу қою 2017 жылдың аяғында қолданыла бастады. Сол кезде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілген еді. Заң бойынша, ішімдік ішкен адам құқық бұзған болса, сот бұл адамға спирттік ішімдік пайдалануға тыйым сала алады. Соттың мұндай тыйымының мерзімі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Милюк мәліметіне қарағанда, Қазақстан ІІМ органдарында 10 мыңға тарта "қолайсыз отбасы" тіркелген. Олардың барлығы жаңа заңның құрбаны болуы мүмкін. 2017 жылы мұндай тыйым 350 мәрте салынса, 2018 жыл басынан бері 855 рет қолданылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы елдің әрбір тұрғыны орташа есеппен 11-12 литр алкоголь пайдаланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі