Итальяндық Сон-Паскаль қазақ атануды армандап жүр

Stan.kz
Италиядан келген серінің, кезінде отандастарымызды қазақша сөйлеуге шақырып, көзге де түскені бар.

«Мен сені сүйемін» деп әуелете ән салған Сон-Паскальдың Қазақстанға деген махаббаты ерекше. Бұл мекен мені мүлдем жатырқамай қабылдады дейді ол. Елімізде осылай тосыннан танымалдылыққа тап болған өнерпаз, бұл күндері қазақ атануға да қарсы емес. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Біріншіден, өзімді Паскаль деп есептемеймін. Пәсеке немесе Пәке, болмаса Сәке. Өйткені Сонмынғой. Егер де нағыз қазақ болсам, қарным мынандай болар еді! Себебі, жейтінім күнде қуырдақ, бешбармақ. Сондықтан, қазақ болғым келеді», – дейді Сон Паскаль.

Италиядан келген серінің, кезінде отандастарымызды қазақша сөйлеуге шақырып, көзге де түскені бар. Тіпті, Абайдың әнін жаңа сарында орындап көпшілікті тамсандырған болатын.

Шетелден келіп, қазақ эстрадасында жұлдызы жанғандардың тағы бірі – Парвиз Назаров. «Азия дауысы» байқауы арқылы бағы ашылған оның, кейбір әндері әлі де ел есінде.

Парвиз Қазақстанға қарындасы Ситораны да ертіп келіп, оның шығармашылық өсуіне жол ашты. Сондықтан да, қазақ жұртына алғыс айтуды ұмытқан емес.

«Ең алғашқы әнім Қазақстанда танымалдылықа ие болды. Мен ол кезде расымен бақытты едім. Таксиге отыра сала, жүргізуші мені бірден танығанын ешқашан ұмытпаспын. Қатты таңқалғам. Сол үшін, Қазақстанға алғысым мол», – дейді Назаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді