Иран долларды қолдануға тыйым салды

ҚазАқпарат
Бұл қадам соңғы аптада елдің валюта нарығында байқалған құбылмалылық деңгейін төмендетуге бағытталған.

Иран импорттау операцияларында америкалық валютаны қолданудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes-ке сілтеме жасап.

Иран Ислам Республикасының үкіметі америкалық долларды қолдануға шектеу қойып, оны импорттық операцияларда қолдануға толықтай тыйым салды.

Financial Tribune Иран экономикалық басылымы атап өткендей, бұл қадам соңғы аптада елдің валюта нарығында байқалған құбылмалылық деңгейін төмендетуге бағытталған.

Осы аптада Иранның Индустрия және сауда министрлігінің импорт операцияларына доллардан бас тарту туралы директивасы күтпеген оқиға болды. Құжатқа сәйкес, Иран кеден органдары тауарларды жеткізу тапсырыстарын жасағанда және басқа да импорттық декларацияларда долларды пайдаланбайды.

Forbes-тың жазуынша, бұл жағдай Ирандағы импорт құнына және елдегі инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады