Балқашта бойжеткен бесінші қабаттан құлап, тірі қалды

matritca.kz
Мұндай биіктіктен құлағаннан кейін қыздың аман қалуы – нағыз таңғажайып оқиға.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында жас қыз бесінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көптеген жарақат алып, сүйектері сынған бойжеткенді жедел жәрдем бригадасы қаладағы орталық ауруханаға жеткізді. Қазір зардап шеккен азамат жан сақтау бөлімінде.

«Аталған азамат 28 ақпан күні Балқаш қалалық ауруханасына түсті. Оның сүйектері сынған, бас миы зақымдалған, өкпесі жарылып, білегі, жамбас сүйектері және көптеген басқа сүйегі сынған. Дәрігерлер шұғыл түрде құрамына травматолог, нейрохирург, хирургтер мен басқа да мамандар кіретін команда жинақтады. Зардап шеккен азамат бірден ота жасауға жатқызылды. Отаны біруақытта бірнеше маман бірнеше бағыт бойынша жасауына тура келді. Қазір ол жан сақтау бөлімінде, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Бастапқыда ол өкпені жасанды түрде ауа жіберу жүйесіне қосылған болатын, қазір біршама ілгерілеу байқалады және жақын уақытта өз бетінше тыныстауы мүмкін», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай биіктіктен құлағаннан кейін қыздың аман қалуы – нағыз таңғажайып оқиға.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады