Алматыда №38 бағытында жүретін жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі соқтығысуы салдарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды BNews.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"13 наурызда сағат 08:22-де жедел жәрдем пунктінің станциясына Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы қоңырау келіп түсті. Жол апаты болған жерге алты медициналық жедел жәрдем бригадасы келген. Он адам медициналық көмекке жүгінді", - деді басқармада.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасында үш зардап шегушіге оқиға орнында медициналық тексеру жасалды, олар ауруханаға жатудан бас тартқанын атап өтті. Жарақаттанған төрт адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде оларды дәрігерлер тексерді. Тексеріс нәтижесінде пациенттер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал бір адам ауыр қосарлас жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі зардап шегуші жеткізілген. Аурухананың қабылдау бөлімінде оларды мамандар тексеріп, оларды амбулаториялық ем қабылдауға жіберді.
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала жеткізілді. Оған дәрігерлер ауруханаға жатып емделуді ұсынды, алайда ол бұдан бас тартқандықтан, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
Еске салсақ, бүгін таңертең Алматыда №38 бағытында жүретін жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.