Қызылордадағы атысқа байланысты үш күдікті қамалды

www.inform.kz
Оқиға барысында қаланың 1 тұрғыны жарақатпен облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, сол жерде қөз жұмған еді.

27 наурызда Қызылорда қаласындағы атыс кезінде бір адам қаза тапқан болатын. Осы оқиғаға байланысты 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордадағы атыстан жарақат алған азаматқа ота жасалып жатыр ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада күдіктілер өз кінәларын мойындап жауап бергені айтылған.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2, 3-бөлігі (бұзақылық) және 99-бабының 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетелік, 27 наурызда сағат 14.50 шамасында Қызылорда қаласының Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында атыс болған.

Оқиға орнына келген қалалық ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекетін анықтады.

Оқиға барысында қаланың 1 тұрғыны жарақатпен облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, сол жерде қөз жұмған еді.

Әділет Қаңтарбаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді